Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енетін Ақсу-Жабағылы қорығының туристік-экологиялық жағдайы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2020.v58.i3.03Кілт сөздер:
туризм, экологиялық қорғау, Ақсу-Жабағылы, әлемдік мұра, іс-шаралар.Аңдатпа
Бүгінгі таңда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар табиғи әсемдігімен, жабайы табиғаттың сирек кездесетін түрлерімен және тарихи-мәдени мұра орындарымен қарқынды дамып келе жатқан туризм мен рекреациялық іс-шаралардың басты бағытына айналуда. Мақалада туристік рекреациялық мүмкіндігі жоғары Ақсу-Жабағылы бүкіләлемдік табиғи мұра аумағының экологиялық мәселелері қарастырылады. Дүниежүзілік мұраның нысандары бүкіл әлемде кеңінен танымал. Ол туристік саланың, әсіресе турагенттіктердің, туризмді ұйымдастырушылардың және туристердің назарын өзіне жиі аударады. Ерекше қорғауға алынатын аумақтар туралы заңға сәйкес қорықтың буферлік территорияларында туризмнің кейбір түрлерін дамыту аумақты тиімді қорғауға пайдалы. Ақсу-Жабағылы қорығының туристік-экологиялық жағдайын зерттеу барысында оны қорғауға байланысты материалдарды талдау нәтижелері қорғауға алынған аумақтың Қазақстанның заңдарына сәйкес тиімді қорғалатынын көрсетеді. Жыл сайын АқсуЖабағылы қорығының өзіндік экологиясын сақтау мақсатында көптеген іс-шаралар өткізіледі. Солардың бірі туризмнің әр түрлі бағыттарын ұйымдастыру, бұл бір жағынан қорықты қорғаудың маңыздылығын арттырады, екінші жағынан, қорықты қорғауға қажетті қаражатты жинауға көмектеседі. Тағы бір байқағанымыз кейбір сәттерде қорықты қорғау үшін халықаралық шаралар ұйымдастырылады, ал кейде халықаралық ұйымдар тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі. Мақалада табылған өзекті мәселелердің бірі – қорықтың экологиялық қауіпсіздігі мен оны қорғауға арналған кейбір жобалардың толық орындалмауы. Бұл мәселе әлі де болашақта зерттеуді қажет етеді.
