Туризм саласында технологияларды экологияландыру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2020.v58.i3.05

Кілт сөздер:

туризм, жасылдандыру, технологиялар, ЭКСПО-2017, энергия үнемдейтін технологиялар.

Аңдатпа

Қазіргі уақытта табиғи ресурстарға деген тұтынушылық қатынас басым болып келеді. Сондықтан оларды қоршаған ортаға зиян тигізбестен пайдалану тиімділігінің артуына ықпал ететін туризмнің, соның ішінде адам қызметінің әр түрлі салаларына жаңа тәсілдерді енгізу қазіргі қоғам үшін қажет. Осыған байланысты туристік қызметті экологияландыру ең өзекті мәселе болып табылады. Туристік қызметті экологияландыру қазіргі әлеуметтік дамудың күрделі құбылысы ретінде қарастырылады, оны жүзеге асыру барысында табиғи, әлеуметтік және экономикалық мазмұндағы әртүрлі материалдық және идеологиялық нысандар мен құбылыстардың өзара әрекеті жүреді. Экологияландыру, «жасыл» экономиканың маңызды бөлігі ретінде, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы қоғамның әл-ауқатын сақтауға, сондайақ түпкілікті өнімді өндірістік циклға қайтаруға бағытталған. Мақалада туризмдегі технологияларды экологияландыру жолдары, туризмнің қоршаған ортаға тигізетін жағымды және жағымсыз әсерлері, сондай-ақ оның кері әсерінің салдары қарастырылып, туризмнің экологияландыру қағидалары көрсетілген. Сонымен қатар, 2017 жылы Қазақстанда өткен халықаралық көрменің тақырыбы «ЭКСПО. Болашақ энергиясы» – баламалы энергия көздері талқыланып, «жасыл экономика» қағидаттарын іске асырудың идеялары қарастырылды, туризмді ілгерілетуге ықпал ететін технологиялар көрсетілді. Туризм саласындағы технологияларды экологияландыру мәселелері бойынша халыққа әлеуметтік сауалнама жүргізілді, туристiк инфрақұрылымды экологияландыру жолдары ұсынылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-30

Журналдың саны

Бөлім

Рекреациялық география және туризм