Қазақстандағы киелі туризмнің әлеуетін бағалау

Авторлар

  • S. D. Ussubaliyеva Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті image/svg+xml
  • A. Uaisova Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті image/svg+xml
  • G. D. Aitbaeva Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті image/svg+xml
  • S. S. Rakhimshanova Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті image/svg+xml
  • E. S. Boribai «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам Мәдениеті университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2020.v58.i3.04

Кілт сөздер:

туризм, киелі туризм, әлеует, бағалау, Қазақстан.

Аңдатпа

Қазіргі кезең туризм саласында киелі туризмді дамытуға басты назар аударумен сипатталады және оны іске асыру үшін Қазақстан зор әлеуетке ие. Бай тарихи-мәдени мұралардың болуы, сонымен қатар қасиетті нысандарға туристер мен қажылар тарапынан деген қызығушылықтың артуы, киелі туризмнің әлеуетін бағалау мәселесін өзекті етеді. Киелі туризмнің ресурстық әлеуетін бағалау оның болашақ дамуын реттеудің және перспективаларын анықтаудың негізгі құралы болып табылады. Мақалада Қазақстанның сакралды туризмін дамыту әлеуетін бағалау нәтижелері келтірілген. Статистикалық көрсеткіштердің жетіспеушілігін ескере отырып, мақалада жалпы теңгерім әдісі мен сараптамалық сұхбаттасуды қолдану арқылы таңдап алынған бағалау өлшемдерінің негізінде Қазақстанның әкімшілік облыстарында сакралды туризмнің әлеуетін бағалауға талпыныс жасалды. Жүргізілген талдау нәтижесінде ресурстардың біркелкі орналаспағаны белгілі болды, туристерге қызмет көрсетуде елдің оңтүстігінде және орталық бөлігінде орналасқан ресурстардың (табиғи-климаттық, сакралды) және инфрақұрылымның ең жоғары мүмкіндігі бар екені анықталды. Елдің батысында, шығысында және солтүстігінде орналасқан әкімшілік облыстары сакралды туризмді дамыту әлеуетінің орташа және төмен мәнімен сипатталады. Зерттелген талдау нәтижелері аймақтық және жергілікті деңгейлерде сакралды туризмнің теңгерімді дамыту үшін ұйымдастырушылық және басқарушылық мәселелерді шешу үшін қолдануға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-30

Журналдың саны

Бөлім

Рекреациялық география және туризм