Сырдария өзені алабындағы адам әрекеті
DOI:
10.26577/JGEM.2020.v58.i3.02Кілт сөздер:
адамның іс-әрекеті, жер жамылғысы, жер суағару, су алу, су құрылысы.Аңдатпа
Жерді пайдалану мен суды пайдаланудың өзгеруі су айналымына және суда тасымалданатын заттарға қатты әсер етуі мүмкін. Өзен суын суармалы егістікке қайта бөлудің артуы буланудың жоғарылауына және өзен ағынының азаюына әкелуі ықтимал. Сонымен қатар, сырттан тыңайтқыштар мен пестицидтердің енуі, сондай-ақ кең суармалы каналдар жүйесіндегі ластаушы заттардың тасымалдану жолдарының өзгеруі судың сапасына әсер етуі мүмкін. Бұл жұмыста өзен алабы масштабында суды пайдалану, жер жамылғысы мен жерді пайдалану, интенсивті суармалы егіншілік жағдайындағы су сапасы және су құрылымдарының дамуы өзгерістері зерттелінеді. Өзен алабындағы жерді пайдалануды қарастырған кезде, жердің көп бөлігі жайылым (шамамен 42%) және егіншілік жерлер (шамамен 28%) екенін атап өтуге болады. 1992 және 2015 жылдардағы салыстырмалы талдау көрсеткендей, пайдаланылмайтын және орманды жерлер ауданы азайып келеді. Зерттеу кезеңінде қалалық жердің үлесі 1,0% дейін өсті. Әсіресе, елді-мекен аймақтары тез өсіп келеді, негізінен ауылшаруашылық жерлері мен жайылымдар есебінен. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы су құрылыстары өзен алабында қарқынды түрде жүргізілген болатын. 1960 жылдан бастап су қоймаларының салынуы және өзен суын алудың көбеюі олардың су режимін айтарлықтай өзгертті, әсіресе өзеннің төменгі ағысында. Шындығында, суару және дренаж, гидротехникалық құрылыстар сияқты ауылшаруашылық және өндірістік кешеннің дамуына, сондай-ақ елді-мекендердің ұлғаюына байланысты гидрологиялық цикл элементтері уақыт бойынша да, кеңістікте де саны мен сапасы жағынан өзгерді. Бұл жұмыс адам іс-әрекетінің өзен ағынына әсерін талдауға тырысады.
