Геодинамикадағы геодезиялық ізденістердің рөлі мен мәні

Авторлар

DOI:

10.26577//JGEM.2020.v58.i3.01

Кілт сөздер:

геодинамика, геодезия, геология, карьерлер, пайдалы қазбаларды өндіру.

Аңдатпа

Ғылымда геодинамика жаңа бағыт ретінде соңғы уақыттарда, әсіресе соңғы он жылдықта белсенді дамып келеді. Ең алғаш рет бұл термин А. Лявтың монографиясында 90 жыл бұрын қолданылған болатын. А. Лявтың өзі бұл терминді Жер мен ғарыштық факторлардың өзара байланысы, сонымен қатар түбіндегі ағын мен планетаның барлық жоғарғы бетіндегі сызатжарық торының заңды регматикалық түзілуі деп қалыптастырған болатын. Соңғы 20 жылда геодинамика сөзінің мағынасы біршама өзгеріске ұшырады. Кейбір мәліметтер бойынша, Э.Ог геодинамиканы Жерге әсер ететін күштерді сипаттайтын тектониканың бір бөлімі ретінде қарастырған. Геодинамиканың астарында Жердің ішкі қабатындағы процестердің кешенді дамуын қарастыруға болады. Басқа шетелдік дерек көздерде қазіргі геодинамика – бұл уақыттың нақты масштабындағы Жердің қозғалысы туралы ғылым, яғни іргелі ғылымдар ретінде өлшеуге, анықтауға және түсіндіруге болатын қозғалыстарға сілтеме жасау. Соңғы 30 жылдарда әлемдік ғылымның қалыптасуымен әр түрлі болжамдар мен ескертпелердің орнына литосфералық тақталар тектоникасы теориясының, мазмұнды термині көптеген көп қырлы монографияларда, сөздіктерде және кітаптарда айтарлықтай өзгерді. Шетел әдебиеттерінде геодинамика негізінде Жердің ішкі бөліктерінде болып жататын процестер мен оларға әсер ететін күштер арқылы геология саласы туралы түсінік пайда бола бастады. Бұл жұмыстың мақсаты мен міндеті – геодинамиканы ғылымның жаңа бағыты ретінде қарастыра отырып, геодинамикадағы геодезиялық ізденістердің нәтижесіне жалпы шолу жасау.

Жарияланды

2020-10-30

Журналдың саны

Бөлім

Картография және геогинформатика