Кіші Арал теңізі су деңгейінің динамикалық өзгерістерін ашық дерек көздері негізінде бағалау
DOI:
10.26577//JGEM.2020.v57.i2.06Кілт сөздер:
Кіші Арал, теңіз деңгейі, машиналық оқыту, өзен ағындысы.Аңдатпа
Арал теңізінің су деңгейі мен су көлемінің өзгеру динамикасын зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы алпыс жылда теңіздің су және тұз теңдестігінің түбегейлі өзгеруіне алып келген табиғи және антропогендік процестердің механизмдерін түсіну қажеттілігі үлкен маңызға ие болып отыр. Аймақтың су пайдалану және су қорғау сценарийлерін жоспарлау кезінде Кіші Арал теңізі алабының су теңдестігі құраушысының динамикасын зерттеу маңызды міндеттің бірі. Ұсынылып отырған жұмыста машиналық оқыту әдісі негізінде екі статистикалық модель әзірленген: Сырдария өзенінің айлық өзен ағындысы және Кіші Арал теңізінің су көлемі мәндерінің өзгерісін ескеретін моделдер. Үлгілеудің нәтижесінде Сырдария өзені ағындысы мен Кіші Арал теңізінің су көлемінің динамикалық өзгерістері анықталды. Далалық бақылаулар мәліметтермен аз қамтамасыз етілу жағдайында алынған су теңдестігінің негізгі құраушысын құрайтын шұғыл бағалау – зерттеліп отырған алапта өтіп жатқан өзгерістер туралы маңызды ақпараттар көзі болып табылады. Ұсынылып отырған әдістеме гидродинамикалық моделдеу эксперименттерінің бастапқы шарттарын алу және сондай-ақ, Арал теңізінің гидрологиялық жүйесі дамуының климаттық сценарийлерін есептеу үшін қолданылуы мүмкін.
