Қазақстан Республикасының аумағында Ертіс трансшекаралық өзенінің жер үсті суларындағы ауыр металдар тобының ластаушы заттары шоғырлануының өзгеру динамикасы

Авторлар

  • D. M. Burlibaeva География және су қауіпсіздігі институты
  • M. Zh. Burlibaev2 Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі Қазақстан
  • A. M. Ryskeldieva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml http://orcid.org/0000-0002-4334-9080
  • R. K. Kaidarovа Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі Қазақстан
  • Ch. Opp Филиппс Университеті
  • N. A. Amirgaliev География және су қауіпсіздігі институты

DOI:

10.26577//JGEM.2020.v57.i2.05

Кілт сөздер:

Ертіс трансшекаралық өзені, судың сапасы, гидрохимия, ауыр металдар, судың ластануының кешенді индексі (СЛКИ), мөлшері шектеулі шама.

Аңдатпа

Соңғы жылдары көбінесе шаруашылық қызметінің әсерінен Ертіс трансшекаралық өзенінің су алабы ластануға ұшырауда, әсіресе жоғарғы бөлігінде. Бассейннің қазақстандық бөлігі жоғары дамыған өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. Онда шоғырланған қара және түсті металлургия кәсіпорындары су сапасына кері әсерін тигізуде. Бұл мақалада 2000-2016 жж. шекарааралық Ертіс өзенінің ауыр металдар концентрациясының ауытқу динамикасы көрсетілген. Ауыр металдар тобының ластаушы заттарының ауытқу динамикасын талдау үшін келесі гидрохимиялық бекеттер алынды: 1) Қара Ертіс өз. – Боран а., ауыл шегінде; 2) Ертіс өз. – Өскемен қ., қаладан 22,2 км төмен; 3) Ертіс өз. – Предгорное а., Красноярка өз. құйылған сағасынан 1 км төмен; 4) Ертіс өз. - Семей қ., Қаласуканалы – 0,8 км төмен; 5) Ертіс өз. - Ақсу қ., МАЭС-тен 0,8 км төмен; 6) Ертіс өз. – Павлодар қ., Қаласуканалы Басқ. төмен 0,5 км; 7) Ертіс өз. – Прииртышское а., су бекетінде. Зерттеу нәтижелері бойынша, таңдалған кезеңде және зерттеліп отырған нысана су сапасы ластанудың орташа деңгейін көрсетсе, кейбір жағдайларда ағын судың сапасы жоғарғы деңгейге жеткен. Балық шаруашылығы мөлшері шектеулі шама стандарттарынан асатын негізгі ластаушы элементтер мыс, темір, темір 2 +, мырыш, марганец болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-20

Журналдың саны

Бөлім

Метеорология және гидрология