Макроциркуляция процестері және олардың Каспий теңізіндегі мұз құбылыстарының өзгеруіне әсері

Авторлар

  • Zh. K. Naurozbayeva Russian State Hydrometeorological University image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577//JGEM.2020.v57.i2.04

Кілт сөздер:

Каспий теңізі, мұз режимі, мұздың максималды қалыңдығы, орташа айлық температура, климаттың өзгеруі.

Аңдатпа

Осы ғылыми жұмыста атмосфералық айналымның уақыттық ағымы, мұздың негізгі параметрлері және ауа температурасының сипаттамалары зерттелді. Негізгі гидрометеорологиялық параметрлердің базасы құрылды. Атмосфералық айналым түрлері бойынша орташа көпжылдық мән есептелген, циркуляция түрлерінің дәуірлері анықталды. Төменгі температуралардың қосындысы, мұздың қалыңдығы және атмосфералық айналымның басым формасының қарқындылығы арасындағы негізгі байланыс анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша мұздың қалыңдығы әр түрлі қарқындылығымен төмендеуі жайлы қорытынды жасалынды. Мұз қалыңдығының ең көп төмендеуі Каспий теңізінің солтүстікшығыс бөлігінде байқалды. Мұздың орташа қалыңдығы 40 см құрады. Орта Каспийде тұрақты мұз қабаты қалыптаспаған қысқы кезеңдердің жиілігінің жоғарылауы тіркелді. Суық мезгіл үшін әр айдың есептік ауа температуралық үлесі және атмосфералық айналымның әр түрінің әсері бағаланды. Зерттеуде бір стационарлық күйден екінші күйге дейінгі уақыт аралығындағы өтпелі кезең (жыл) анықталды. Ол тек ауа температура фонына ғана емес, сонымен қатар барлық параметрлерге қарастырылған. Каспий теңізі үшін қыстың жіктелуі қарастырылған, оған сәйкес жылы және қалыпты қыстың қайталауының артуы байқалады

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-20

Журналдың саны

Бөлім

Метеорология және гидрология