ХХ ғасырдағы Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысына қысқаша тарихи-географиялық шолу

Авторлар

  • T. O. Uvaliyev Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті image/svg+xml
  • M. T. Uvaliyev Omsk State Pedagogical University image/svg+xml
  • E. A. Mirzaev Omsk State Pedagogical University image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577//JGEM.2020.v57.i2.01

Кілт сөздер:

Қазақстан Республикасы, әкімшілік-аумақтық құрылыс, болыс, үйез, аудан, облыс, қала, өзгерістер.

Аңдатпа

Аталмыш мақала Қазақстан Республикасының аумағында болған әкімшілік-аумақтық өзгерістер туралы құжаттарды зерделеу мен халық санағының соңғы статистикалық мәліметтеріне негізделген. Қазақстан картасындағы әкімшілік-аумақтық өзгерістер мәселесі қарастырылуымен қатар және оның себептері де баяндалады. Мақалада еліміздің әрбір кезеңдегі әкімшілікаумақтық бөлінісіне (ӘАБ), оның қалыптасуы мен дамуы барысына қысқаша сипаттама берілген. Республикамыздың аумақтық-әкімшілік жүйесінің күнделікті қызметінде оның құқықтық негіздерін анықтаушы басты құжат болып табылатын, 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 статьясына сәйкес, негізінен жаңа саяси-мемлекеттік құрылыста атқаратын қызметіне байланысты болатын өзгерістерге, сонымен қатар Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейінгі қалалық және ауылдық елді мекендердің, аудандар мен облыстардың атауларындағы болған белгілі бір өзгерістерге назар аударылған. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылыс жүйесіне келесідегідей әкімшілік-аумақтық бірліктер – ауыл, кент, ауылдық округ, қала ішіндегі аудан, қала, ауылдық аудан және облыс кіреді. Сонымен бірге мақалада жаңадан пайда болған әкімшілік-аумақтық бірліктер, олардың құрылуы және таратылуы, атауының өзгеруі, Қазақстан картасындағы әкімшілік-аумақтық өзгерістер мен басқа да мәселелердің қарастырылуымен қатар оның себептері де баяндалады.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-20

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география