Жоңғар және Іле Алатауындағы алма күйесінің дамуының биоэкологиялық ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577//JGEM.2020.v56.i1.07Кілт сөздер:
алма күйесі, Сиверс алмасы, Жоңғар Алатау, Іле АлатауАңдатпа
Мақалада Іле Алатау және Жоңғар Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің аумағында алма күйесінің Hyponomeuta malinellus Zell. биоэкологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер келтірілген. Зерттеудің негізгі мақсаты – бұл зиянкестердің дамуына әсер ететін факторларды анықтау, фенологиялық және экологиялық ерекшеліктерін зерттеу, Сиверс алма ағашының алма күйесі Hyponomeuta malinellus Zell. зиянкесіне қарсы уақтылы бақылау шараларын қолдану үшін алма күйесінің ең осал сатысын анықтау болып табылады. Ересек сатысы бойынша түрлерді анықтау және фенологиялық дамуды бақылау үшін дернәсіл сатыларын өсіру әдісі қолданылды. Дернәсіл сатыларының морфологиялық ерекшеліктерін және олардың даму мерзімдерін зерттеу үшін осы тұқымның әр дернәсіл жасы бақылауда болды. Зерттеу барысында алма күйесінің дамуына әсер ететін нақты уақыт пен абиотикалық факторлар анықталды. Алма күйесінің даму барысы қарастырылды, сонымен бірге осы зиянкестердің дамуының фенологиялық күнтізбесі дайындалды. Алматы облысының тау бөктерінде Іле Алатау мен Жоңғар Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарының аумағында алма күйесі 2018–2019 жж. бір буында дамыды. Ауа райына байланысты зиянкестердің аса қауіпті кезеңінің ұзақтығы 37-ден 45 күнге дейін созылды. Бұл зиянкестермен күресу үшін фенологиялық және экологиялық мәліметтерді дәл білу өте маңызды.
