Есіл су шаруашылығы алабы өзендерінің көктемгі су тасу ағындысының уақыттық қатарларының статистикалық параметрлері

Авторлар

  • М. Moldakhmetov Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті
  • L. Makhmudova Қaзaқ Ұлттық Aгрaрлық Университеті
  • Y. Kurmangazy Л.Н. Гумилев атұлттық ындағы Еуразия университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577//JGEM.2020.v56.i1.04

Кілт сөздер:

көктемгі су тасу сипаттамалары, су тасу, су тасу көлемі, су тасудың жиынтық ағынды қабаты, ең жоғары су өтімі, көктемгі су тасудың ең жоғары ағынды модулі, көктемгі су тасудың ең жоғары су өтімдерінің көпжылдық өзгерісі.

Аңдатпа

Есіл су шаруашылығы алабы өзендерінің көктемгі су тасу ағындысының негізгі сипаттамалары қарастырылды (көктемгі су тасудың сипаттық даталары: су тасудың басталу датасы, су тасу шыңының датасы, су тасудың аяқталу датасы және су тасу ұзақтығы). Есіл алабы өзендерінің байқалған су режимі өзгерісі, көктемгі ағынды сипаттамаларының көпжылдық қатарының тұрақсыздығы климаттық факторлармен айқындалады. Көктемгі су тасу ағындысы және сипаттық даталар бойынша жиналған бастапқы ақпаратты талдау жекелеген ағынды сипаттамаларының уақыттық қатарларында 1970 жылдан 1990 жылдарға дейін бағыттық өзгерістердің бар екенін, оның уақыттық қатарлардың әртектілігін тудыруға себеп болғанын көрсетті. Ағынды қатарларының статистикалық параметрлерін және қамтамасыздығы әртүрлі ағынды мәндерін есептеу кезінде Крицкий-Менкель үлестірімі және Пирсонның III типті биномдық үлестірім пайдаланылды (біртекті қатар үшін) және ағынды қатары әртекті болған жағдайда қамтамасыздығы әртүрлі ағынды мәндерін есептеу құрамдас үлестірім қисықтары бойынша жүргізілді. Көктемгі су тасудың ағынды сипаттамаларының бағыттық өзгерістері талданып, Есіл алабы өзендерінің ең жоғары су өтімдері мен ағынды қабаттарының қамтамасыздық қисықтарының параметрлері есептелді (су шаруашылығы алабының 42 гидрологиялық бекеті бойынша көпжылдық деректер пайдаланылды). Алынған нәтижелер, Есіл алабы өзендерінің ең мол суының статистикалық параметрлерінің өзгерісі антропогендік факторлардың ықпалында екенін, ал олардың орташаланған түсу даталарының ығысуы тек қана климаттық факторлардың әсерінен болғанын растайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-19

Журналдың саны

Бөлім

Метеорология және гидрология