Орталық Қазақстанның негізгі өзендерінің көктемгі су тасудың есептелген ең жоғарғы ағындысын бағалау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//JGEM.2020.v56.i1.03

Кілт сөздер:

су өтімі, интегралдық қисық, эмпирикалық қисық, ең жоғарғы ағынды, теориялық қамтамасыздық қисығы.

Аңдатпа

Бұл жұмыста көктемгі су тасудың ең жоғарғы ағынды өтімінің есебі анықталып, ағындының статистикалық параметрлері есептелді және ағындының қамтамасыздық шамалары айқындалды. Көктемгі ағынды қабатының және ең жоғарғы су өтімінің статистикалық параметрлері әр түрлі кезеңдерге сәйкес анықталды. Әр түрлі алаптардағы ағындының көпжылдық жүрісінің ерекшелігін анықтау мақсатында, жиынтық интеграл және айырымдылық интеграл қисықтары әдістері қолданылды (Методические рекомендации, 1986). Зерттеліп отырған су шаруашылық алаптар үшін көпжылдық орташа, көктемгі ағынды қабатының ауытқу коэффициенті мен ең жоғарғы су өтімінің мәндері 2 түрлі нұсқада есептелді: бақылау деректерінің фактілі мәндері, яғни соңғы қырық бес жылдық кезең бойынша (1970-2015 жж.); және шартты-табиғи кезең (репрезентативті кезеңнің басталуынан 1970 жылға дейін), сәйкесінше Селеті өзені – Изобильное ауылы, Есіл өзені – Түрген ауылы, Мойылды өзені – Николаевка ауылы, Жабай өзені – Атбасар ауылы, Жабай өзені – Балкашино ауылы, Селеті өзені – Приречное ауылы, Есіл өзені – Астана қаласы және Есіл өзені – Петропавловск қаласы бекеттері бойынша. Үлестірімнің эмпирикалық және аналитикалық функциялары келісімін талқылау көптеген өзендердің көктемгі ағындысы сипаттамаларының үлестірімі Крицкий-Менкельдің қамтамасыздық қисығына сәйкес екендігін көрсетті. Эмпирикалық және теориялық (Cs/Cv=1 және Cs/Cv=2) қамтамасыздық қисықтары өзара орналасуының талқылануы, эмпирикалық қамтамасыздық қисығынан ең аз алшақтаған Cs/ Cv=2 қатынасына сәйкес келетін теориялық қамтамасыздық қисығы екенін айқындады. Аталған қамтамасыздық қисығы есептік қамтамасыздық қисығы ретінде қолданылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-10-19

Журналдың саны

Бөлім

Метеорология және гидрология