«Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасын жасаудағы геоақпараттық жүйелер
DOI:
https://doi.org/10.26577/https://doi.org/10.26577/JGEM.2020.v56.i1.02Кілт сөздер:
тарихи кезеңдері, интерактивті карта, векторлық мәліметтер, картографиялық негіз, геоақпараттық жүйелер.Аңдатпа
Мақала «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасын, геоақпараттық және WEB технологияларды пайдалана отырып құрастыруға арналған. Интерактивті картаның негізгі міндеті тарихи-графиктік карталарды құрастыру және сонымен қоса жүретін ғылыми-анықтамалық материал арқылы ежелгі қазақ жерінде қоғамдық ынтымақтастық пен этносаралық бейбітшілікті орнату, халықтардың бірлігін дамыту мен толеранттылығын нығайтуға бағытталған, қазақ ұлтының нығайтушы рөлін ашып көрсету. Картадағы маңызды орынды, қазақстандықтардың қоғамдық санасын, Ұлттың рухани жаңғыруын модернизациялау процестерін көрсететін қоғамдық ынтымақтастық пен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі алады. Мақалада Қазақстан дамуының тарихи кезеңдер бойынша бірыңғай географиялық мәліметтер базасында жинақтау және жүйелеуді қамтамасыз ететін кеңейтілген ақпараттық ресурс түріндегі «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасын құрастыру және жүзеге асыру барысында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарына сипаттама беріледі. Картаны даярлаудың техникалық аспектері, жасау және дамыту концепциясы, жобаның құрылымы мен интерактивті карталар жүйесінің негізгі деректерінің сипаттамасы беріледі. «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасы Қазақстан халқының қалыптасу оқиғаларының жалпы мазмұнын, оның уақыт пен кеңістіктегі қалыптасу тенденцияларын, Қазақстанның этникалық топтарын бір халыққа біріктіру процесін көрсетуге бағытталған.
