Нөсерлі сел тасқындарын болжауда глобалды және аймақтық модельдерді пайдалану мүмкіндіктері
DOI:
10.26577/JGEM.2020.v55.i4.03Кілт сөздер:
шығу тегі нөсерлі сел тасқындары, жауын-шашынды болжау, заманауи модельдер, болжам бұрындылығы, болжамның расталуы.Аңдатпа
Мақалада болжам жасаудың сандық әдістері көмегімен нөсерлі сел тасқындарын қалыптастыратын жауын-шашынға қысқа мерзімді болжам жасау қарастырылған, өйткені бұл нөсерлі сел тасқындарын болжау кезіндегі басты фактор болып табылады, болжам жасалған әдістің дәлдігі мен тиімділік дәрежесін анықтау да маңызды. Нақты және ақталғыштығы жоғары болжамдар елді-мекендерді қорғау шараларының тиімділігін арттырудың кепілі болып табылады. Нөсерлі жауын-шашын болжамын жасауға АҚШ ауа-райы бюросының үлгісі пайдаланылды және Іле Алатауында орналасқан метеостанциялар бойынша жауын-шашынды және нөсерлі сел тасқындарын болжау нәтижелері көрсетілді. Сонымен қатар, болжам бұрындылығы 1 тәулікті, расталуы 83% құрайтын жауын-шашынды қысқа мерзімді болжау нәтижелері қоса берілді. Нақты қолданыстағы әдістемелерді пайдалана отырып нөсерлі сел тасқындарын болжау кезінде алынған кезең бойынша болжамның расталуы қанағаттанарлық нәтиже берген жоқ. Бұл жұмыста алынған (сел қауіпті кезеңдегі тәуліктік) мәліметтер қатары тек 2 жылды ғана қамтуына байланысты болжам жасау әрі қарай жалғастырылуы керек.
