Алматы облысының егістік жерлерін пайдаланудың тиімділігін арттыру (Райымбек ауданы мысалында)

Авторлар

  • A. А. Tokbergenova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Mehmet Arslan Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ
  • D. M. Kaliyeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ

DOI:

10.26577/JGEM.2020.v55.i4.01

Кілт сөздер:

aуылшаруашылық алқаптары, егістік жерлер, суармалы егістік жерлер, жер мониторингі ГАЖ.

Аңдатпа

Мақалада Райымбек ауданының жалпы егістік жерлерінің соңғы 8 жылдағы көлеміне экономикалық-статистикалық әдіс негізінде бағалау жұмыстары жасалып, ауданның егістік жерлерін тиімді пайдалануды жетілдірудің мәселелері қарастырылған. 2011-2018 жж. статистикалық мәліметтер негізінде ауданның ауылшаруашылық жерлері, соның ішінде егістік жерлердің динамикасы көрсетілді. Зерттеу жұмыстарының негізінде топырақтың құнарлығына кері әсер етуші негізгі факторлар анықталып, олардың алдын-алу жолдары қарастырылған. Аудандағы ауылдық округтер бойынша егістік жерлердің статистикалық көрсеткіштері салыстырылып, тәлімі және суармалы егістік жерлердің мониторингі жасалды. Сонымен қатар, аудандағы жер пайдаланушылар мен жер иеленушілердің (жеке шаруа қожалықтары, акционерлік қоғамдар, кооперативтер мен мемлекеттік емес кәсіпорындар) саны анықталып, олардың меншігіндегі егістік жерлер көлемінің 2013-2018 жылдардағы динамикасы көрсетілді. Егістік жерлердің игерілу деңгейіне сараптама жасалып, жерлердің ауылшаруашылық айналымнан шығып қалуының басты себептері анықталды. Сонымен қатар, суландыру жүйесінің қазіргі кездегі даму жүйесі зерттеліп, суармалы егістік жерлердің мониторингісі мен тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар әзірленді. Ауданның аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, егістік жерлерді тиімді пайдаланудың басым бағыттары анықталды. ГАЖ бағдарламаларын (ArcGIS) пайдалану арқылы ауданның ауылшаруашылық алқаптарының картасы жасалынды.

Жарияланды

2020-03-05

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география