Қазіргі климаттың өзгеруі жағдайында Алматы облысының аумағындағы атмосфералық қуаңшылықты талдау

Авторлар

  • С. Т. Ахметова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Х. И. Родриго Universitat Politècnica de València image/svg+xml
  • К. K. Дускаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JGEM.2020.v54.i3.06

Кілт сөздер:

атмосфералық құрғақшылық, құрғақшылық индексі, температура мен жауыншашынның ауытқулары, құрғақшылық жағдайларының саны, ауа температурасы, жауын-шашын сомасы.

Аңдатпа

Мақалада Алматы облысының аймағы үшін 1986-2016 жылдар аралығында жаз мезгіліне атмосфералық қуаңшылықтың талдауы келтірілген, яғни ауа температурасы мен жауыншашынның мәліметтері негізінде қарастырылып отырған аумақтағы салыстырмалы түрде біркелкі орналасқан 7 станцияға Педьтің қуаңшылық индексі S есептелген. Құрғақшылық қауіпті табиғи құбылыстарға жатады, себебі олар: ауыл шаруашылығы дақылдарының үлкен алаңдарда қырылуына, шөптердің жануына, қатты ыстығы және сусыздануы салдарынан малдың жаппай қырылуына, су қорының азаюына әкеледі, бұл өз кезегінде электр энергиясының өндірілуін төмендетеді, өнеркәсіп, көлік, сауда жұмысын бұзады, ал кейбір аудандарда ауыз судың болмауы аштық пен өлімді тудырады. Құрғақшылық кезінде ормандардың топырақ қорғау рөлін, олардың су қорғау мәнін төмендететін, сондай-ақ өнеркәсіп пен құрылыс үшін ағаш қорын қысқартатын мұнай және орман өрттері пайда болады. Құрғақшылық мұздықтардың еруін күшейтеді және гляциалды селдерді қалыптастыру үшін жағдай жасайды. Олар топырақтың құрғауына және ұсақтануына ықпал етеді, бұл өз кезегінде оның жел эрозиясына әкеледі. Құрғақшылық кезеңінде көп жылдық қатпарлықтың жоғарғы қабаттары ериді, жер асты суларының, өзендердің деңгейі төмендейді, көлдер, су айдындары мен батпақтарда кебу процестері жүреді. Қазіргі уақытта құрғақшылық мұндай қорқынышты зардаптарға ие емес, бірақ өнімді қорғау және сақтау үшін үлкен ақшалай шығындарды талап етеді. Осы зерттеуді орындау барысында келесі нәтижелер алынды: әртүрлі қарқындылықтағы қуаңшылық жағдайларының саны, S индексінің экстремалды мәндері, атмосфералық қуаңшылық каталогы құрастырылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-24

Журналдың саны

Бөлім

Метеорология және гидрология