Іле Алатау жотасының солтүстік етегіндегі палеолит тұрақтар аймақтарының геологиялық-геоморфологиялық сипаттамасы

Авторлар

  • С. А. Кусаинов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • М. Ж. Имангалиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JGEM.2020.v53.i2.02

Аңдатпа

Соңғы жылдары әл-Фараби атындағы тарих, археология және этнография факультетінің мамандары және география факультетінің қызметкерлері Іле Алатау жотасының солтүстік етегінде бірлескен геоархеологиялық зерттеулер жүргізді. Зерттеу барысында Іле Алатау жотасынның солтүстік етегінде бірқатар палеолит тұрақтар табылды, бұл тас ғасырдың алғашқы адамдарының Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағының қоныстану мәселесіне өте мәнді. Қастек, Қызылауз, Темірлік жөне Шарын тұрақтарынан алынған мәліметтері Қазақстанның маңызды аумағының бірі Жетісудің қоңыстану жолы мен мезгілін түсіндіруге болады. Тас мәдениетінің қалдықтары әр геоморфологиялық деңгейде және төрттік кезең түзілімдердің әр қабаттарында орналасқаны, геология және геоморфологиялық әдістер арқылы алғашқы адамдарының мекенденуінің палеогеографиялық жағдайларын және қоңыстану жасын анықтауға мүмкіндік береді. Палеолит тұрақтары тау етегіндегі жазыққа шыққан өзендер жағалауындағы лесс түзілімдерінде және Іле Алатау солтүстік етегінде дамыған уақытша ағынды суларының ысырынды конустарында табылған. Қызылауз тұрағында табылған тас құралдары негізінде порфириттен жасалынған. Олардың көзі Іле Алатау суайырық бөлігіндегі батыс сілемдерінде кең дамыған төменгі карбонның эффузиялық массивтері.Үгілу нәтижесінде қалыптасқан эффузиялық таужыныстардың бұзылған сынықты материалы, таулы өзендер арқылы тау етегіне шайылып, кішігірім өзендер сағаларында және уақытша ағын сулардың ысырынды конустарында шөккен.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-08-13

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география