Алматы агломерациясы аумағындағы жерді тұрақты пайдалану қағидалары
DOI:
10.26577/JGEM.2019.v52.i1.04Аңдатпа
Қаланың жер ресурстары өндіріс күшін орналастыру үшін базисі ғана емес, қала халқының
өмір сүру кеңістігінде біртұтас қызмет етеді. Қазіргі таңда қала дамуының динамикасын үйрену
жерді пайдалану қағидасын және қаланың жер ресурстарын басқарудың үлгісіне қарауды қажет
етеді. Қалалық жерді пайдалануды оңтайландыру - төтенше күрделі міндет қалалық жерлер
басқа да жер ресурстарының түрлерімен – қоныстану, өндірістік, жолдық, ормандық, сулық,
ауыл шаруашылық. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер қалалық жерлерге қарағанда
күрделі полимортық құрылымды құрайтын жер үсті және жер астында орналасқан құрылыстық
инженерлік нысандар кіреді.
Кез-келген аумақта жерді пайдалану табиғи - ландшафт ерекшеліктеріне байланысты.
Жерді пайдалануды оңтайландырудың маңызды аспектісі, оның аумақтық құрылымын
жетілдіру, әртүрлі функционалдық мақсаттарға алқаптың оңтайлы қатынасын құру болып
табылады. Жерді пайдалануды оңтайландыру - жер ресурстарын зерттеуге арналған кешенді,
жүйелі, өңірлік көзқараспен сәйкес болуы керек. Аумақтың ландшафтық-экологиялық
ерекшеліктері антропогендік әсерге қоршаған ортаға тұрақтылық дәрежесін анықтайды.
Мақалада агломерация аумағына экологиялық тұрақты қағидалары анықталған, экологиялық -
экономикалық қауіпсіздікті және жер ресурстарын сақтауды қамтамасыз ететін кешенді нақты
шара қабылдауға бағытталған.
