Климаттық жағдай Қазақстан көлдерінің рекрациялық әлеуетін бағалау компоненті ретінде
Аңдатпа
Жалпы табиғи нысандар мен көлдердің рекреациялық әлеуетін бағалау компоненттерінің
біріне климат жатады. Климаттың ең жоғарғы әсері адамның ауа-райына реакциясы арқылы
көрінеді. Атап айтқанда, ол жарықтандыру, күннің ұзақтығы, жиынтық күн және ультракүлгін
радиацияның түсуі, ауа мөлдірлігі, температурасы мен ылғалдығы, жел жылдамдығы, бұлттылық
және т.б. Бұл көрсеткіштер рекреацияның әр түріне қолайлылық деңгейін анықтайды. Мақалада
көлдерге туризмнің экологиялық, экскурсиялық, жағажайлық-шомылу түрлеріне байланысты
климаттық бағалау жасалып, туризмнің осы түрлерімен айналысу үшін қолайлы кезеңнің
ұзықтығы бойынша Қазақстан аумағын зоналау жүргізілді. Қарастырылып отырған туристік
маңызы бар көлдер (Марқакөл, Жайсан, Индер, Көлсай, Каспий теңізі, Шайтанкөл т.б.) бойынша
мәліметтердің болмауына қарай, жағажайлық-шомылу демалысы үшін су беті жеткілікті
жылынатын, ауаның қолайлы температуралық интервалы бөлінді. Қазақстанның рекреациялық
құндылығы бар, әртүрлі ендік және биіктік белдеулерде орналасқан жекелеген көлдерінің
мысалында, жылы кезеңдер аралығында (сәуір – қазан) туризмнің әрбір түрі үшін жан-жақты
талдау жасалынды. Рекреациялық қызметтің әрбір түрі үшін, туристік қызығушылықтар
туындататын нысандар маңында туризмнің болашағы бар түрлерін сәйкестендіруге мүмкіндік
беретін, Қазақстан аумағындағы қолайлы кезеңдер ұзақтығының картасы құрастырылды.
