Теңіз бетіндегі мұнай дақтарын мультиспектралды спутниктік суреттер көмегімен анықтау әдісі
Аңдатпа
Бұл жұмыста суреттің нысандық-бағдарлау анализін (OBIA – Object-based Image Analysis)
Sentinel-2A және Sentinel-2B серіктерінен алынған көп спектралды орташа рұқсатты оптикалық
мәліметтерге пайдалану арқылы Каспий теңізінің бетіндегі мұнаймен ластануларды анықтау
мақсатында орындалған үдерістер қарастырылды. Sentinel-2A, B «Сореrniсus» атты қоршаған
ортаның Ғаламдық мониторингісі мен қауіпсіздігі бойынша жұмыс жасайтын серіктердің
ғарыштық тобына кіретін Жерді арақашықтықтан зерделеудің еуропалық спутнигі. Аталған
мәліметтерді пайдаланудың артықшылығы – тұтынушыларға тегін түрде ұсынылуы, олардың
жоғары рұқсаттылығы және шынайы уақыт режимінде пайдаланушыларға қолжетімділігі. Мысал
ретінде Каспий теңізінің су айдынында мұнайдың төгілуінің екі жағдайы, яғни атап айтқанда
«Мұнай тастары» мен «Қашаған» кен орындарының аудандарында талдама жасалды. Бұл жұмыстың
мақсаты Каспий теңізінің қазақстандық су айдыны секторындағы мұнаймен ластанулардың
орнын және шекараларын мультиспектралды оптикалық ғарыштық суреттер арқылы анықтау
болып табылады. Мақсатқа жету үшін OBIA анализі пайдаланылды, оған сәйкес суретте ұқсас
спектралдық сипаттамаға және пішінге ие көрші нысандарды анықтау үшін сегментация (саралау)
үдерісін қолданады. Ол бірнеше кезеңнен тұрды, оны орындау нәтижесінде теңіз бетіндегі
мұнаймен ластанулар анықталады.
