Елек өзені алабының жоғарғы су өтімдерінің статистикалық параметрлерін анықтау

Авторлар

  • С. К. Давлетгалиев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. Н. Акжаркынова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Максималды ағынның параметрлерін анықтау су шаруашылық саласының маңызды
міндеттерінің бірі болып табылады. Гидротехникалық имараттарды жобалауда, көктемгі су тасу
кезіндегі ең жоғарғы су өтімінің сипаттамалары кең қолданысқа ие. Елек өзені алабының ең
жoғарғы су өтімдерінің сипаттамалары соңғы 30-40 жылдардағы материалдарды ескере отырып,
анықтауды қажет етеді. Елек өзені алабының су тасуы кезеңіндегі жылдық ағынды, ағынды
қабаты және ең жоғарғы су өтімдерінің материалдары жинақталды, көп жылдық кезең үшін
(1940-2015 жж.) есептік кезең таңдалынып алынды, регрессия теңдеуі арқылы 13 бекет бойынша
бақыланған қатарлар қалпына келтірілді, ағындыны реттейтін су қоймаларын ескере отырып,
Елек өзені және Қарғалы өзендерінің табиғи өтімі қалпына келтірілді, қалпына келтірілген
қатарлардың кестесі регрессия теңдеулерімен құрастырылды, ең жоғарғы су өтімдері мен
ағынды қабатының байланыс графиктері алынды, әртүрлі кезең үшін максималды ағындының
параметрлері анықталды, эквивалентті бақылау деректерінің көлемі ескеріле отырып, негізгі
ағынды параметрлерінің дәлділігі бағаланды, екі кезең үшін 1940-1974 жж. және 1975-2015
жж. максималды су өтімдерінің параметрлері салыстырылды, максималды су өтімдерінің
қамтамасыздық қисықтары тұрғызылды, әртүрлі қамтамасыздық бойынша максималды ағынның
сипаттамалары келтірілді.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-03-02

Журналдың саны

Бөлім

Метеорология және гидрология