Қазақстан «жасыл өсу» жағдайында шикізат секторының жоғары үлесі бар ел ретінде

Авторлар

Аңдатпа

Мақала Қазақстанның жасыл экономикаға өту жағдайы мен мүмкіншіліктерін зерттеуге
арналған. Тұрақты дамуды жақтаушы ретінде республика «қоңыр экономикадан» жасыл
экономикаға біртіндеп өту үшін күш салады. «Жасыл экономика» адамның әл-ауқатын арттыруға
бағытталған экономиканы құруға әкелетін және келесі ұрпақтың дамуы мен табиғи ресурстарға
ұқыпты қарау үшін оңтайлы сапалы жағдайлар қалыптастыратын құрал болып табылады.
Қазақстанда «жасыл» экономиканың дамуы көптеген постиндустриалдық мемлекеттерді өзінің
ауқымымен жанаған экологиялық шиеленістен құтылуға мүмкіндік береді. Авторлар Қазақстанда
негізгі отын-энергетикалық ресурс көмір болып табылатын энергетиканың жағдайына талдау
жасайды, сонымен қатар статистикалық мәліметтер негізінде Қазақстанның ЖІӨ-нің энергиялық
сыйымдылығы қарастырылды. Мемлекетте жасыл энергетиканың даму әлеуеті мен мүмкіншіліктері
қарастырылған. Түбегейлі өзгеріс жолдары тек мемлекеттің экономикалық дамуына ғана тәуелді
сараланбайды, сонымен қатар әлеуметтік жағдай мен қоғамдық қатынастардың дамуына да
байланысты болып келеді. Авторлар көп өлшемді статистикалық талдау әдістерін пайдала отырып,
мемлекеттің әлемдегі орнын анықтауға мүмкіндік беретін жалпы дүниежүзілік көрсеткіштерге
қатысты өлшемдерді анықтады. Осы өлшем негізінде кейбір дамыған және дамушы елдерге
экономиканы түбегейлі өзгерту үшін бағыттауға қажет инвестицияның үлесін есептеп шығарды.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-03-02

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география