Киелі географияның тұжырымдамалық құрылымы

Авторлар

  • С. Дж Усубалиева Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті image/svg+xml
  • Г. Айтбаева Дж. Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті image/svg+xml
  • А. Уайсова Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Киелі география – мәдениеттану және география ғылымдарының тоғысуынан қалыптасқан
жаңа ұғым. Бұл зерттеу нысаны табиғи ортаның физикалық компоненттері ғана емес, сондай-
ақ, географияның символдық аспектілері болып табылады. 20 ғасырдың аяғында Киелі
географияны дамыту бойынша ғалымдардың назарын аудартты. Себебі, уақыт санатын
зерттеуде туризм мәдениет дамуының құралы ретінде қарастырылады. Мақалада мәдени
туризмді дамыту контексіндегі сакральды географияның концептуалды зерттеудің нәтижелері
келтірілген. Зерттеудің бастапқы ақпараттық базасы ретінде әдебиет көздері, «киелі география»
терминологиясында зерттеулерге негіз болған ақпараттар, ғылыми және мерзімді басылымдарда
жарияланған материалдар пайдаланылды. Жұмыста зерттеудің кешенді әдістері: диалектикалық,
ретроспективті, логикалық талдау, жалпы ғылыми әдістердің комбинациясы: салыстыру,
талдау және синтездеу және т.б. қолданылған. Зерттеудің ақпараттық және эмпирикалық
базасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» атты
бағдарламалық мақаласында, 2017 жылғы 12 сәуірдегі, Қазақстан Республикасының 2011-
2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Мәдени мұра
Стратегиялық ұлттық жобасы, мамандандырылған мерзімді басылымдар материалдары, сондай-
ақ авторлардың өздерінің ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша дайындалған әзірлемелері бар.
Тұжырымдамалық талдау «киелі география» терминологиясы туралы ақпаратты жинақтап,
салыстыру үшін «киелі» және «киелі география» ұғымдарының ерекшеліктерін нақты айқындап,
олардың мәдени туризмдегі рөлін анықтауға мүмкіндік берді.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-03-02

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география