Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру сапасын талдаудың әлеуметтік-демографиялық аспектісі

Авторлар

  • Г. Н. Нюсупова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • И. Браде Leibniz Institute for Regional Geography image/svg+xml
  • Д. А. Тажиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Халықтың өмір сүру сапасын халықаралық қоғамдастық экономиканың дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі ретінде мойындайды. Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану үрдісінде осы мәселеге қызығушылық артып келеді, өйткені халықтың өмір сүру сапасының әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштері елдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дәрежесін көрсетеді. Бұл жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы мысалында халықтың өмір сүру сапасының әлеуметтік-демографиялық аспектісін зерттеу болып табылды. Зерттеудің маңыздылығы әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштердің зерттеліп, жүйелендірілуінде Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру ұзақтығының орташа мәндерінде және туу мен өлім деңгейіндегі аймақтық айырмашылықтардың анықталғандығында болып табылады. Республика өңірлерінің Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша гендерлік айырмашылықтары зерттелді. Соңғы он жыл ішінде елде халық санының өсуінде оң өзгерістер болды, бұл көші-қонның теріс мәнінің төмендеуі мен халықтың табиғи өсімінің артуы арқылы мүмкін болды.

Жарияланды

2019-03-02

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география