formation and accumulation of UDMH and NDMA

Авторлар

  • Alma Ormanbekovna Bimaganbetova RSE «SRC Garysh-Ekologiya»
  • Oles Aleksandrovich Agapov RSE «SRC Garysh-Ekologiya»
  • Tursyunkul Amankeldievna Bazarbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Gulzhanat Mukanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Tatyana Vitalevna Koroleva Lomonosov Moscow State University image/svg+xml
  • Anuar Bulatovic Atygayev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JGEM.2020.v53.i2.05

Кілт сөздер:

unsymmetrical dimethylhydrazine (UDMH), N-Nitrosodimethylamine (NDMA), rocket and space activity, rocket fuel, soil pollution, formation and accumulation of UDMH and NDMA

Аңдатпа

Мақалада ракеталы-космосты іс әрекеттің қоршаған ортаға әсерін зерттеуге бағытталған өзекті мәселелерге шолу келтірілген. Ракетаның жанар жағар майының әсері, оның басты токсиканттары НДМГ мен өнім өнімдері екені айқындалды: нитрозодиметиламин, диметиламин, тетраметилтетразен. Ракетаның жанар жағар майының қоршаған ортаға түсетін компоненті жергілікті беткейлік биохимиялық бұзылыстарды түзуге қабілетті. Ракета құлаған жердегі табиғи ландшафтағы оның жекелеген тасымалдаушыларының және жанар жағар майының компоненттерінің сипаттамалары бойынша зерттеу жұмыстарының нәтижелері қарастырылды. Топырақтан және өсімдіктен алынған үлгілер бойынша химиялық талдаудың сандық көрсеткіштерінің нәтижелері, ракета құлаған жердегі оның тасымалдаушыларының өсімдіктердегі НДМА және НДМГ жинақталуы мен түзілуі бойынша нәтижелері талданды. Жұмыста РТ авариясы болған аймақтың топырағында ұзақ уақыт НДМГ және НДМА өнімдерімен ластану сақталатыны көрсетілді. Топырақта НДМГ және НДМА болмаған жағдайдада, өсімдіктің құрамында үздіксіз НДМА табылуда, сондай-ақ бірнеше жылдан кейін НДМГ және НДМА болмаған кездің өзінде топырақ, өсімдік жамылғысының екінші рет қайталанып ластануы байқалды, сонымен қатар ластану аймағында өсімдік жамылғысының, ракетаның жанар жағар майының кешендерімен және оның өзгерген өнімдерімен ластануы, анықталған ластану көрсеткіштерінен он есе асып кеткені белгілі болды.

РТ ЖБ құлаған аймағында НДМГ – өсімдікте жинақталуы мен түзілуі бірнеше факторлардың қатарына тәуелді екені бекітілді: жылдың мерзіміне (ылғалға, температураға), өсімдіктің тұқымдасына, жергілікті жердің геохимиялық жағдайларына, НДМГ түсу көзінің ара қашықтығына, жанар жағар майының өсімдікке және топырақ жамылғысына түсу мөлшеріне, НДМГ гептил төгілген аймақтағы өсімдіктің құрамында жергілікті ластану деңгейі бойынша он жылдам астам уақыт сақталуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-08-13