Аридті ландшафттарда орналасқан минералды шикізатты шығару аймақтардың техногендік рельефі (Орталық Қазақстан мысалында)
Аңдатпа
Мақалада минералды шикізаттың шығаруымен байланысты техногендік рельеф қарастырылған. Орталық
Қазақстанда ірі көмір бассейні – Қарағанды көмір бассейіні орналасқан. Экологиялық-геоморфологиялық
зерттеулер әсерінен осы аймақта техногендік әрекеттерді жандандыратын тағы да бірнеше көздер анықталды:
флюсты ізбестас, құм, құмды-қиыршықтас, цемент кен орындары. Минералды шикізатты шығаруы келесі
негативті құбылыстардың дамуына әсер етеді: тау өнеркәсіпті ауданның жер бетінің батпақтануы, судың астын-
да қалуы, опырылуы.
