Экологиялық-геоморфологиялық қауіпсіздіктің қауіптері және оларды картографиялау
Аңдатпа
Қауіптер және себептердің туындау негізі – уақыт ішінде өзінің мазмұнын және даму бағытын өзгертіп
отыратын ішкі және сыртқы құбылыстар мен факторлардың өзара әрекеттілік нәтижесінде пайда болатын
қарама-қайшылықтар. Қауіптіліктер нәтижесінде қалыптасатын экологиялық мәселелер белгілі дәрежеде
морфолитогендік негізге және онымен байланысты экзодинамикалық үрдістерге өз әсерін тигізеді. Олардың
шешілуі қоршаған ортаның барлық компоненттерінің талдауын және олардың белгілі негізде кешенденуін
қамтиды. Сондай негіз болып дифференцияациясы техногенді-өзгерген морфолитогендік негізбен себептелген
экологиялық-геоморфологиялық орта саналады.
