Қазақстан Республикасы шегіндегі Ертіс өзенінің оң жағалаулық салаларындағы ағындының жылішілік үлестірімі
Аңдатпа
Ертіс су шаруашылық алабының оң жағалаулық бөлігіндегі негізгі өзендер ағындысының жылішілік үлестірімін есептеу
əдістемесінің мəселелері қарастырылған. Соңғы отыз төрт жылда алынған мəліметтерді зерттеліп отырған аудан бойынша
«Ресурсы поверхностных вод СССР» келтірілген мəліметтермен, сонымен қатар шартты-табиғи (1933-1973) кезеңде алынған
ағынды мəліметтерімен салыстырмалы талдау жүргізілген. Соңғы отыз төрт жылдағы ағындының мезгілдік үлестіріміндегі
өзгерістер жайындағы мəліметтер келтірілген.
