Каспий теңізінің мұнаймен ластануын бақылау
DOI:
10.26577/JGEM.2020.v53.i2.04Кілт сөздер:
мұнайдың төгілуі, радарлық суреттер, қара дақтарды анықтау, жер серіктік бақылауАңдатпа
Қазіргі кезде теңіз бен мұхит су айдындарының мұнаймен ластануы күрделі мәселе болып отыр. Мұнай төгілуінің шығу тегі табиғи болуы мүмкін (геологиялық құрылымдар, грифондар мен лайлы жанартаулардың жарылымы кезіндегі табиғи шығарындылар), бірақ көп жағдайда олар антропогенді сипатқа ие.
Бұл мақалада Жерді арақашықтықтан зерделеу (ЖАЗ) мәліметтерін қолдану арқылы Каспий теңізі су айдынының мұнаймен ластануын бақылау нәтижелері келтірілген. Зерттеу нысаны Каспий теңізі болып табылады. Соңғы онжылдықта ЖАЗ жер серіктері, оның ішінде радарлық жер серіктер теңіз бетіндегі мұнайдың төгілуін анықтауда ең тиімді құралдардың бірі ретінде өзін көрсетті.
Осы жұмыстың мақсаты Каспий теңізінің мұнаймен ластануының жедел бақылау үшін ең қолайлы әдістемені анықтау. Теңіздегі мұнаймен ластануды анықтау үшін Sеntinеl-1 А,B еуропалық жер серіктерінен алынған ғарыштық суреттер пайдаланылды. Бұл мәліметтерді пайдаланудың негізгі артықшылығы яғни, ағымдағы мәліметтер ғылыми қоғам үшін тегін ұсынылады.
Мәліметтерді өңдеу жартылай автоматты әдіспен жүргізілді, яғни оператор көмегі қажет болды. Жұмыстарды жүргізу барысында алынған нәтижелер мұнаймен ластану кеме жүзетін трассаларға байланысты екенін көрсетті.
