Сириядағы дағдарысты реттеудегі Астана процесінің нәтижелері

Авторлар

  • А. Т. Темирбеков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. Б. Каримова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 5 қазанында
өзінің жыл сайынғы жолдауында: «Сирия жөніндегі Астана процесі осы елдегі дағдарысты
бейбіт жолмен реттеуге бағытталған бірден-бір тиімді формат болып табылады» – деп айтқан
болатын. Мақала Астанада өткен келіссөздердің Сириядағы саяси дағдарысты бейбіт жолмен
реттеуде қол жеткен нәтижелерді талдауға арналған. Зерттеу тақырыбы бүгінгі күні өзекті
мәселе болып табылады, себебі Сириядағы саяси-әскери бүлік жағдайды бейбіт жолмен реттеу
бұл елдегі көше қақтығыстары басталған кезден қарастырылғанымен, олардың бәрі Астана
процесіне дейін сәтсіз аяқталып жүрді. САР-дағы сегіз жылға созылған қарулы қақтығыс ХХІ
ғасырдағы ең үлкен гуманитарлық апатына айналды, 5,0 млн-ға жуық сириялықтар босқындыққа
ұшырады. Осыған байланысты, Астана процесінің осы жағдайды реттеуге қосқан үлесін анықтау
мақсатында Астанада өткен келіссөздердің барысын хронологиялық тәртіпте қарастырдық.
Астананың осы мәселені шешуге бағытталған келіссөздерге белсене қатысуы әлемнің жетекші
сарапшыларымен жоғары бағаланды. Бұл процесс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясына
негізделген саяси шешімдерді қабылдау үшін қолайлы жағдайлар тудырды. Келіссөздер аясында
қол жеткен негізгі жетістіктерге төрт деэскалация аумағының құрылуы, ең алғаш рет оппозиция
өкілдері мен Дамаск өкілдерін бір үстел басына жинады және бұған дейінгі келіссөздерге
қарағанда әртүрлі оппозициялық топтардың неғұрлым көп бөлігі жиналды. Мақалада сонымен
қатар осы қақтығысқа қатысты болып отырған барлық елдердің ұстанып отырған позициялары
да қарастырылған.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-13

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география