Геоморфожүйелер элементтерінің функциялары (өзен аңғары мысалында)
Кілт сөздер:
функциялар, элементтер, геоморфологиялық жүйелер, өзен аңғары, бедертүзілуіАңдатпа
Алдыңғы және өзіндік зерттеулер нәтижесінде бедертүзуші үдерістер функцияларына қоса алғашқы рет геоморфожүйелер элементтердің де функциялары анықталған, әзірше өзен аңғарлары элементтерінің мысалында – арналары, жағалаулары мен аралдары мысалында. Осы уақытқа дейін ғылым әдебиетінде геоморфожүйелер элементтерінің фукнциялары қарастырылмаған. Олар бедертүзуші функцияларына тән: дайындық (шектеулі), тасымалдау, пішінқалыптастыру, затпен, энергиямен және ақпаратпен алмасу ункциясы, динамикалық, қостыру, біріктіру, қорғау және тек қана бедердің пішіндері мен элементтеріне (және оларды құрайтын борпылдақ шөгінділерге, тау жыныстарына) тән энергияны таратушы функциясы. Ұсынып отырған жұмыс – геоморфологияның жаңа бағыты, нақты айтқанда бедертүзілуінің функционалды талдауы бастамасының бірі болып келеді. Осыған байланысты зерттеудің табылған нәтижелерін толық және қортынды деп айтуға болмайды, оларды жаңа ғылым бағытындағы зерттеудің бастамасы ретінде қарастыру керек. Бірақ, табылған нәтижелер бедертүзілудің функционалды талдау көмегімен (бедертүзілудің үдерістері деңгейінде болсын, бедердің пішіндері мен элементтерінің деңгейінде болсын), зерттеушілер геоморфологиялық зерттеулердің баяғыдан бері белгілі, бірақ әлі де жетпеген мақсатын (бедертүзілудің негізін танып білу) орындауға болады деген сөз. Нәтижелердің сенімділігі мен нақтылығы бедердің пішіндері мен элементтерінің қарастырылуымен шектелмей бедертүзілудің басқа да жақтарын, яғни бедертүзуші үдерістерді және олардың функцияларын, бедердің қалыптасу сыртқы жағдайларын, олардың өзара әрекеттілігі мен байланыстарын зерттеулерімен қамтамасыздырылған.
Геоморфологияның жаңа ғылыми бағыты, яғни бедертүзілудің функционалды талдауы шегінде геоморфологияда аталмыш зерттеулердің жалғасы болуы керек.
