Бұқтырма өзені бассейніндегі өзендердің ең аз ағыны

Авторлар

  • А. Г. Чигринец Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Ш. М. Бурлибаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Қазақстандық Алтай жағдайындағы Бұқтырма өзені бассейніндегі ең төменгі өзен ағынының
қалыптасуының негізгі заңдылықтары анықталды. Жұмыс зерттелуші аймақтың «Қазгидромет»
РМК гидрологиялық желісінде орташа айлық су шығындары мен тәуліктік минимальды су
шығындарының 2014 жылға дейінгі ұзақ мерзімді бақылауының қолда бар материалдарды
пайдалана отырып, жүзеге асырылады.1933-2014 жылдары аралығында есептелген өкілдік кезең
таңдала отырып, бақылау қатарларын қайта құру және сараптама жүргізілді. Көптеген жылдар
аралығындағы орта есеппен жазғы-күзгі және қысқы төмен су деңгейінің ең төменгі айлық және
тәуліктік су шығындарының сандық сипаттамалары анықталды. Норманы есептеудегі қателіктер
және минималды ағынның өзгеру коэффициенті зерттелді. Есептеу қателері рұқсат етілген
мәндер аралығында. Ағынның ең аз мөлшерін есептеудегі орташа қателік ± 4,0 %, ал өзгеру
коэффициенті Cv – ± 3,1 % болды.
Жазғы-күзгі және қысқы ең төменгі су деңгейінің әртүрлі қамтамасыз етудегі ең төменгі
айлық және тәуліктік су шығындары алынды. Ең төменгі су ағынының деректерін талдау негізінде,
соңғы 40-жылдық кезең (1974-2014 жж.) үшін Бұқтырма өзені бассейнінің негізгі өзендері үшін
орташа жылжымалы онжылдықта трендтер анықталған және 2020 және 2030 жылға дейінгі
жазғы-күзгі және қысқы мезгілдердегі ең төменгі айлық ағымдардың өзгеруін ұзақ мерзімді
болжау үшін пайдаланылатын регрессиялық теңдеулер алынды. Бұқтырма өзені бассейніндегі
негізгі өзендердің ең төменгі айлық шығындарының болжамдық өзгерулері келтірілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-12

Журналдың саны

Бөлім

Метеорология және гидрология