Батыс Қазақстан облысы «Бөкейорда» атты жобаланып отырған мемлекеттік табиғи резерватында туризмді дамытудың перспективалық бағыттары

Авторлар

  • Т. К. Салихов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ж. Г. Берденов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Аңдатпа

Жүргізілген ғылыми зерттеулер Батыс Қазақстан облысының
«Бөкейорда» атты жобаланып отырған мемлекеттік табиғи резерватының
ғылыми негіздемесінің нәтижелері келтірілетін нақты
жобасы мысалында Қазақстан қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне
арналған. Жобаны әзірлеу және іске асырудағы басты мақсат – бірегей
табиғи кешендер мен олардың биологиялық алуантүрлілігіне және
туристік-рекреациялық ресурстарына табиғи және антропогендік
факторлардың әсер етудегі мәселелерін талдау болып табылады.
Жұмыс барысында табиғи жағдайлар ескеріліп зерттелді; өсімдіктер
мен жануарлардың кілттік түрлері, олардың қазіргі таңдағы
жағдайы анықталды және осы үрдістерге адам қызметінің әсерін
бағалау анықталды, түрлерді сақтау мен олардың мекен ету орнын
сақтау бойынша ұсыныстар берілген. Экожүйелік талдау мен ГAЖ-
технология негізінде биоалуантүрлікті сақтауға арналған біршама
маңызды бөлімшелер анықталды, резерваттар шекарасы анықталды,
функционалды бөлімшелердің аймаққа бөлінуі жүргізілді және
карталар құрастырылды. Туристік қызметтің қазіргі жай-күйі сарапталып,
талданды. Батыс Қазақстан облысындағы экологиялық,
ғылыми-танымдық және рекреациялық туризмнің дамуы үшін әсер
етудің басты факторлары анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-30

Журналдың саны

Бөлім

Рекреациялық география және туризм