Қарағанды облысында агротуризмнің дамуы және аумақтық ұйымдастыру мүмкіндіктері
Аңдатпа
Aгротуризм әлемнің көптеген елдерінде танымал және ол туризмнің
қазіргі заманғы экспансиондық түріне жатады. Қазақстанда
оның даму мүмкіндіктері әлі толық түсінікті емес, сондықтан осы
бағыттағы зерттеулер өзекті болып табылады. Мақалада агротуризмді
дамыту әлеуетіне сәйкес әкімшілік аудандардың қысқаша
сипаттамасы берілген. Егіншілік және мал шаруашылығы негізінде
агротуризмді аумақтық ұйымдастыру және дамыту мүмкіндіктерін
бағалау нәтижелері келтірілген. Барлық мүмкіндіктер келесі бағыттар
бойынша топталады: үй шаруашылықтары мен кәсіпкерлік
секторы. Кәсіпкерлік секторды зерттеу үшін, төмендегі өлшемдер
ұсынылады: кәсіпорындардың пайдалылығы немесе залалдылығы;
ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуы; жұмыс орындарының
сапасы; жергілікті шикізат базасымен байланыс; жергілікті экономиканың
құрылымына агротуризм кәсіпорындарының сай келуі;
жергілікті қоғамдастықтың кеңістіктік бірігуі. Қарағанды облысының
экономикасы мен кәсіпкерлік саласы агротуризмді дамыту үшін
дайын емес екендігі ескертіледі. Келтірілген қорытындыны растайтын
нақты материалдар келтірілген.
