Әуесқой балық аулау дала зонасы суқоймаларында рекреация мен туризмнің перспективті түрі ретінде

Авторлар

  • Т. М. Брaгинa Азов балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
  • Е. М. Сaенко Азов балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

Аңдатпа

Мақалада еліміздің дала зонасы суқоймалары мысалында рекреация
мен туризмнің маңызды саласы ретінде әуесқой балық
аулау дамуының мәселелері қарастырылады. Бұл саланы оңтайлы
бағытта дамыту арқасында балық аулаумен айналысатын адамдардың
материалдық жағдайын жақсарту, судағы биоресурстарды қатаң
сақтау мен қолданудағы жағымды өзгерістерді енгізу, табиғи экожүйелерді
қалпына келтіру, заңсыз балық аулау деңгейін төмендету,
су экожүйелеріндегі көрсетілетін экологиялық қызметтер сапасын
жақсарту мен көлемін ұлғайту мүмкіндігіне қол жеткізуге болады.
Судағы биологиялық объектілерді қолдану формаларын дамыту
үшін ғылыми зерттеу жұмыстарын жасау, табиғи ресурстар ауқымдылығын
есептеу ұсыныстарын енгізу қажет. Ресей елінің оңтүстігінде
орналасқан ірі суқойма аумағындағы әуесқой балық
аулау бойынша мәліметтерді зерттеу арқасында бұл сала бойынша
өспелі динамиканың көрсеткіштерін көрсету, халықты ақпаратпен
қамтамасыздандыру мен туристік инфрақұрылымның кемшіліктерін
айқындау туралы жазылған.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-30

Журналдың саны

Бөлім

Рекреациялық география және туризм