Қазақстан аридты зонасындағы тау-кен өндірісі аймағының қауіпсіздік мәселесі
Аңдатпа
Орталық Қазақстанның табиғи ортасы компоненттерінің қауіпсіздік мәселесі, біріншіден,
қатты пайдалы қазбалардың ұзақ уақыт бойы өндірілуімен және осыған байланысты
энергия және су ресурстарының көптеп шығындалуы, екіншіден, тау-кен өндірісінде ескі
технологиялардың әлі күнге дейін қолданылуымен байланысты. Қатты пайдалы қазбалар
өндірумен байланысты жұмыстар кешені тау-кен аудандары және көрші аудандардың
қоршаған орта жағдайына әсер етеді, себебі барлық табиғи компоненттер өзара тығыз
байланысты. Литогенді негіздің түбегейлі өзгеруіне ХХ ғасырдың бірінші жартысында
басталған, өнеркәсіптің тау-кен өндірісіндегі жұмыстар әсер етті. Жер қыртысының беттік
және жер беті астындағы орналасқан құрылымдардың ұзақ жылдар бойы механикалық
әрекеттілік нәтижесінде бірқатар қауіпті геодинамикалық үдерістердің дамуына, ал олар өз
ретімен зерттелетін территория қоршаған ортасының экологиялық жағдайын тікелей немесе
жанама түрде нашарлатты.
