Туризмді экологияландыру тұрақты дамудың құралы ретінде

Авторлар

  • Ж. Н. Алиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. Б. Оңғар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Қазіргі жағдайлар адамның әл-ауқатын бағалаудың дәстүрлі емес тәсілдерін табуға және тұрақты даму тұрғысынан адамның қауіпсіздігіне қол жеткізу үшін ынтымақтастықты
тереңдетуге бағытталған әлемдік туризмді дамытуда жаңа бағытты талап етеді. Сондықтан бүгінгі адам іс-әрекетінің, оның ішінде туризмді экологияландыру мәселелері аса өзекті.
«Жасыл» экономиканың маңызды бөлігі болып табылатын экологияландыру табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сондай-ақ соңғы өнімдерді өндірістік циклге қайтару
арқылы қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған (Pásková, 2012: 113; TravelifeSustanability System Criterie, 2012). Мақалада туристік іс-әрекетті экологияландырудың «жасыл» экономиканың бағдарламалары негізінде туризмді экологияландыру қағидалары қаралды, аталмыш қағидалар анықталды, сондай-ақ туризмнің қоршаған ортаға жағымды және жағымсыз әсері талданды. Сонымен қатар шетелдерде туристік іс-әрекеттерді экологияландырудың тәжірибесі зерттелді, қазіргі заманғы технологияларды қолдануға негізделген туризмді экологияландыру жолдары,
энергияны тиімді пайдалану, жабық технологиялық циклдарды енгізу ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-08-25

Журналдың саны

Бөлім

Рекреациялық география және туризм