Квазигеоид моделін дамытуда вейвлет түрлендіру функцияларын енгізу тәжірибесі
Аңдатпа
Мақалада геодезиялық өлшемдер дәлдігін және технологиясын, түбегейлі жаһандық навигациялық серіктік жүйесімен (ГЛОНАCC, GPS және т.б.) орындалатын өлшемдерге
негізделген координаталарды анықтаудың серіктік әдістерін қолдану тәжірибесі қарастырылған. Топографиялық-геодезиялық өндіріс үшін серіктік нивелирлеуден алынған геодезиялық
биіктік жүйесі мен жер геометриялық нивелирлеуден алынған нормальдық биіктік арасындағы байланысты орнату маңызды. Геодезиялық және нормальдық биіктіктер арасындағы байланысы
Жер бетінде немесе оның бетіне қатысты орындалатын гравиметриялық өлшеулер нәтижелері бойынша есептеуге болатын биіктік аномалиясы (квазигеоид биіктігі) арқылы жүреді. Биіктік
аномалиясын дәл анықтау арқылы жүзеге асырылуы күрделі жербеттік нивелирлеуді серіктік нивелирлеумен алмастыруға болады. Жердің нақты гравитациялық өрісінің нормадан ауытқуын
сипаттайтын, тіктеуіштің гравиметриялық ауытқуын анықтау мәселесі де өзекті астрономиялық және геодезиялық координаталар жүйелері арасындағы байланысты және т.б. орнату
кезінде жоғарғы геодезиядағы редукциялық есептерді шешу кезінде тіктеуіш ауытқуының құрамдас бөліктері қолданылады. Интегралдық формулаларға негізделген гравитациялық өріс
трансформатын анықтаудың классикалық әдістері, бастапқы ақпараттардың дискретті болуын, қате өлшемдердің күрделілігін және Жер бетінің барлық бөліктерінде белгілі бола бермейтінін
ескермейді. Қазіргі кезде уақыттың нақты масштабында гравитациялық өріс трансформантын анықтау мәселелерін теориялық тұрғыдан және практикалық тұрғыдан шешу маңызды.
