Ашық тау-кен жұмыстарын жоспарлауда фотограмметриялық әдістерді қолдану ерекшеліктері

Авторлар

  • Х. М. Касымканова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Е. Ж. Жалгасбеков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Г. К. Джангулова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада кен орындарын ашық әдіспен игеру кезінде тау-кен жұмыстарын жоспарлау үшін фотограмметриялық әдістерді қолдану қарастырылады. Пайдалы қазбаларды өндіруді
жоспарлау мен нормалаудың инновациялық әдістерін енгізу тау-кен жұмыстарында ғылыми- техникалық дамуын жеделдетуге ықпал етеді. Жоспарлау мен бағалаудағы маңызды мәселе – пайдалы қазбалардың кен қорларын ашу, дайындау және өндіру. Өндіру үшін олардың дайындық тұрғысынан тау-кен операцияларын бағалауды жоспарлағанда, кәсіпорын қорларын және олардың нормативтерін анықтау үшін жүзеге асырылады. Дайындалған қорлардың белгіленген нормалардан азаюы кәсіпорынның өндірістік жоспарларын орындамауына
әкелуі мүмкін. Белгіленген нормативтерден дайындаған қорлардың артуы, өнімсіз шығыстар тау-кен мекемелерінің экономикалық тиімділігін азайтады. Кәсіпорынның қалыпты жұмыс
нормативтеріне сәйкес дайындалған және минералды қорын өндіру көлемі арақатынасын реттеу, ырғақты минералды тау-кен жоспарын орындау, минералды шикізаттың жоспарланған
көлемін жүзеге асыруды қарастырады. Нарықтық қатынастар жағдайында қор нормативтері әр қазылған кенорны үшін кешенді түрде кәсіпорынның өндіру қуатын, горизонттардағы кен
шоғыры және де дайындау, қазу жұмыстарын ескере отырып анықталуы тиіс. Бұл тұрғыда, ашық әдіспен пайдалы қазбалар кен орындарын дамыту кезеңінде кен қорларын дайындауды
жоспарлау және нормалау, инновациялық әдістерін әзірлеуді зерттеу өзекті.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-08-24

Журналдың саны

Бөлім

Картография және геогинформатика