Қашықтық және геоақпараттық әдістерді қолдану арқылы орталық Орыс жазығымен өтетін магистралды құбыр трассасы бойындағы жер бедерінің мониторингі

Авторлар

Аңдатпа

Ресейдің Еуропалық бөлігінде, Сібірде және Қиыр шығыстағы жобалық және қолданыстағы магистралды құбыр объектілерінің экологиялық-геоморфологиялық
бағалануы трассалардың сызықтық бөлімшелері жаңадан қалыптасқан техногенді (антропогенді) бедерімен сипатталады. Жасанды грунттармен әлсіз тығыздалған жер бедері
морфологиясындағы өзгерістер бедертүзуші үдерістердің жол алуына апарады. Басым жағдайда трасса учаскелерінде құрылыс алдында жергілікті табиғи жағдайларға тән емес
(жербеті еңістігіне, өсімдік жамылғысына, жаңа борпылдақ шөгінділердің литологиясына және с.с.) экзогенді бедертүзуші үдерістер парагенезінің (мысалы, беткейлік эрозия мен
жылжулар) қалыптасуына апарады. Қазіргі бедертүзуші үдерістердің орын алуы құбырлардың пайдаланылуына өте қауіпті болып келеді. Экзогенді бедертүзуші үдерістермен алғашқы
кезеңде қалыптасқан бедер пішіндерінің тез арада анықталуы магистралды құбырды инженерлік қорғаудың сәйкесті шараларын уақытында белгілеуге мүмкіндік береді. Орталық
орыс жазығындағы құбыр трассасы учаскесіндегі жер бедерінің мониторингі арақашықтық және геоақпараттық әдістерді қолдану арқылы жүргізілді. Протва өзені аңғарында алдын
ала жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, өзен арнасын кесіп өткеннен кейін құбыр желісі жағалаудан асып, оң жағында тік және жайпақ бетпейінен өтеді. Террасалық жон беткейлік
саздақтармен жамылған ортанеоплейстоцен жасындағы аллювиймен құралған. Террасалық жонның тік беткейінде жылжыма үдерістер, ал жайпақ беткейде беткейлік материалдың
тұтас жылжуы жүріп отыр («крип» – «creep»). Құбыр салынғаннан кейін және жүргізілген рекультивациялық жұмыстар нәтижесінде қарастырылып отырған учаскеде жайпақ беткей
қалыптасқан. Қазіргі уақытта ол эрозиондық және жылжымалы бедертүзуші үдерістермен өзгертіліп отыр. Беткейде эрозиондық жырықтар торы және жылжыманың терраса тәрізді алаңы қалыптасты. Бедердің өзгерістері далалық бақылаулар нәтижесінде анықталған. Құбыр учаскесіндегі бедер пішіндерінің кеңістіктік таралуы пилотсыз ұшқыш аппараттар (ПҰА) және
ғаламдық навигациялық серіктестер жүйесінің (ҒНСЖ) дәлдігі жоғары мобильді кешендері көмегімен анықталды. Табылған мәліметтердің жинақталуы және жүйеленуі алынған
нысанның геоақпараттық жүйе (ГАЖ) ортасында жүргізіліп отырды. Жүйелі бақылаулар болашақта магистралды құбыр нысандары жолағында бедер пішіндерінің динамикасын
бағалауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-08-24

Журналдың саны

Бөлім

Картография және геогинформатика