ГАЖ технологиясын қолдана отырып су алқабындағы жыртылған жерлердің топырақ ылғалдылығын зерттеу

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада су алқабындағы жыртылған жерлердің топырақ ылғалдылығының таралу ерекшеліктері қарастырылады. Су алқабы үшін ылғал таралуының қалай заңдылыққа сәйкес
коэффициенті қолданылып, оның уақытша артық ылғалдануы топыраққа әсер ететіні анықталады. ГАЖ технологиясын пайдаланып, уақытша артық ылғалданған топырақ ауданын анықтау
алгоритмі сипатталады. ArcGIS ArcToolBox құралдары көмегі арқылы алынған жер бедерінің сандық моделін пайдаланып, зерттеу учаскесіндегі жар еңісінің GRID-моделі құрастырылды
және су алқаптарының шекаралары есептелді. «Жиынтық ағын» құрал көмегімен потенциалды су ағыны болып саналатын және анықталған су алқаптары шеңберінде ерекше тор құрайтын
сызықтар құрастырылды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ылғалдың біркелкі таралуының жаңа коэффициентін есептеу әдісі пайда болды. Осы әдістің артықшылығы мен тәжірибелік
қолданылуының маңызы – ылғалдың біркелкі таралу коэффициентін есептеу үшін тек аймақ бедерінің сандық моделі мәліметтері қажеттігінде.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-08-24

Журналдың саны

Бөлім

Картография және геогинформатика