Іле-Балқаш бассейніндегі атмосфералық жауын-шашынның химизмінің салыстырмалы сипаттамасы
Аңдатпа
Атмосфералық жауын-шашын табиғи сулардың қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Бір жағынан алып қарағанда, атмосфералық жауын-шашын көптеген химиялық элементтердің
суға түсуінің тікелей көзі болса, екінші жағынан, жауын-шашынның топырақпен және судағы заттармен әрекеттесуі табиғи сулардың химиялық элементтермен қосымша байытылуына
көмектеседі. Табиғи сулардың химиялық құрамының қалыптасуында және су экосистемасында жауын-шашынның атқаратын рөлі орасан зор мағынаға ие. Беткей суларының қалыптасуындағы
алғашқы көзі атмосфералық жауын-шашын және ол өз кезегінде судың химиялық құрамының қалыптасуына да ықпал етеді. Іле Балқаш бассейніндегі метеорологиялық станциялардың 1985 – 1996 және 2000 – 2011 жж. бойынша атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамына салыстырмалы сипаттамасы берілді. Соңғы жылдары ластаушы заттардың жоғарылауы байқалды, оның ішінде кейбір ауыр металдар шектік мүмкіндік концентрациясынан асты.
