Каспий маңындағы аймақтардың ауа бассейнінің ластануын бағалау

Авторлар

  • Б. Е. Багитова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. С. Нысанбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Қазақстанның Каспий маңы аймағы мұнай мен газдың бай кен орындарымен байланысты экономикасы дамып келе жатқан аумақ болып сипатталады. Метеорологиялық аспектілер
бойынша атмосфераның ластану мәселелерінің бірі – ондағы қоспалардың таралу заңдылықтары мен олардың кеңістіктік-уақыттық таралу ерекшеліктерін зерттеу. Бұл зерттеулер атмосфераның
ластану жағдайын объективті бағалауға, сондай-ақ ауаның таза болуы үшін жасалатын іс- шараларға негіз бола алады. Бұл мәселелерді шешудің түйіні олардың атмосферада сейілу
жағдайларына тікелей байланысты. Мақалада Каспий маңы аймағының ауа бассейнінің ластану деңгейі бағаланды. Берілген аймақтың, Ақтау мен Атырау қалаларының ауа бассейнінің
ластануын бағалау кезінде атмосфераның ластану индексі және атмосфераның климаттық сейілту потенциалы есептелді. Есептеулер нәтижесі бойынша ластану деңгейі метеорологиялық
көрсеткіштерге тәуелді екендігі алынды. Атмосфераның ластану индексі 3,5-5,5 аралығында өзгереді, ол қарастырылып отырған аймақтың қанағаттанарлық жағдайда екендігі анықталды.
Атмосфераның ластану индексінің қанағаттанарлық деңгейі және атмосфераның өзін-өзі тазартуының жоғары деңгейі жоғары жел жылдамдығымен (3-4 м/с) айқындалады. Сонымен
қатар, негізгі ластаушы заттардың (шаң-тозаңның, күкірт диоксидінің (SO2), азот диоксидінің (NO2), көміртегі оксидінің (СO)) орташа жылдық жүрістері қарастырылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-08-23

Журналдың саны

Бөлім

Метеорология және гидрология