Қазақстанның космогенді сақиналы құрылымдарының экзоморфогенезі

Авторлар

  • Л. К. Веселова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • У. К. Кожахметова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • М. Е. Татькова «Казэкопроект» ЖСШ

Аңдатпа

Тұран жазығында, Қазақтың ұсақ шоқысында және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында анықталған космогенді құрылымдардың бедері негізінен экзогенді
үдерістермен қайта қалыптасқан. Космогенді құрылымдарды анықтайтын индикаторлы белгілерге геоморфологиялық, геологиялық, құрылымдық-тектоникалық түрлері жатады.
Кратердің бастапқы бедерінің өзгеру дәрежесі космогенді құрылымның қалыптасқан уақыты мен территорияның физикалық-географиялық жағдайына тікелей байланысты екені анықталды.
Зерттеу нәтижесінде космогенді сақиналы құрылымдарында, сондай-ақ табиғи тау жүйелерінде экзоморфогенездің дамуы биіктіктік аймақтық заңдылыққа сәйкес келетіндігін анықтады.
Қазақстанның құрғақ аймақтарындағы метеоритті кратерлерінде экзоморфогенезінің негізгі процестері болып флювиалдық процестер табылады. Қазіргі экзоморфогенездің негізгі үдерістеріне гравитациялық-беткейлік үдерістер, беттік шайылу, жыралық және өзен эрозиясы, кешенді аккумуляциялық үдерістер жатады.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-08-23

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география