ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ ВОЛОНТЕРЛІКТІҢ РӨЛІ

Авторлар

  • Ж. Алиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Б. Сарабаева

Кілт сөздер:

волонтерлік, волонтерлік туристік іс-әрекет, волонтуризм, волонтерлік туристік бағдарламалар.

Аңдатпа

Қоғамның дамуында және әлеуметтік-экономикалық, мәдени, экологиялық мәселелерді шешуде волонтерлік белсенділік маңызды рөл атқарады. Жаңа трендке айналған волонтерлікпен демалысты ұйымдастыру туризм индустриясында қарқынды дамып келе жатқан жаңа аспектілердің бірі. Волонтерлік туристерге өзін-өзі дамытуға, өз елінің, басқа елдердің тарихы, мәдениеті, дәстүрі туралы білімін кеңейтуге үлкен мүмкіндіктер жасап, басқа адамдарға қамқорлық көрсету, өзін жаңа жағдай мен ортада сынауға үлкен септігін тигізеді. Елдің белсенді азаматтары халықаралық және аймақтық, жергілікті әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу барысында өз демалысын тиімді өткізу ерекшеліктеріне ие болады.
Мақалада волонтерліктің теориялық және әдістемелік негіздерін қамтиды, волонтерліктің түсінігі, әлемдік волонтерлікке статистикалық мәліметтер келтірілген. Сонымен қатар, «волонтер» түсінігі бойынша отандық, ресейлік және шетелдік ғалымдардың әртүрлі көзқарастары ұсынылған, бүгінгі таңда қолданыстағы терминологияға талдау қарастырылған. Туризм мен волонтерліктің байланысы, «волонтерлік туристік іс-әрекет» пен «волонтуризм» түсініктерінің айырмашылығы, халықаралық волонтуристік бағдарламалары, олардың атқарған іс-шаралары жайлы мәліметтер келтірілген.

Автор өмірбаяндары

  • Ж. Алиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    к.г.н., доцент, Казахский национальный университет имени аль-Фараби,
    Казахстан, г. Алматы, тел.: +7 702 246 1971

  • Б. Сарабаева

    студентка 4 курса, Казахский национальный университет имени аль-Фараби,
    Казахстан, г. Алматы,  тел.: +7 778 646 6797

Жүктеулер

Жарияланды

2017-12-08

Журналдың саны

Бөлім

Рекреациялық география және туризм