ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАРДЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ФОНЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Т. Шакиров Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті
  • А. Ниязбекова Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті
  • Д. Назарова Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті
  • Н. Зайдолла «КазАэроНавигация»

Кілт сөздер:

радиациялық фон, цезий-137 изотобы, меншікті активтілік

Аңдатпа

Радиоактивті заттарды кеңінен қолдану топырақтың радионуклидтермен ластану қаупі төнді.
Радиация көздері – ядролық қондырғылар, ядролық қаруларды сынау, уран шахтыларының
қалдықтары. Радиоактивті ластанудың потенциалды көздері ядролық қондырғылардағы
апаттар болып табылады. Топырақтың жоғарғы қабатында радиоактивті стронций және цезий
концентрленіп, адам және жануарлар ағзасына түседі.
Қоршаған ортада радионуклидтердің көп мөлшерде жинақталуы қайғылы жағдайларға әкеліп
соғуы мүмкін. Радионуклидтердің басым бөлігі топырақта орналасқан, жоғарғы қабатында
да және төменгі қабатында да, осыған байланысты олардың көшуі көп жағдайда топырақтың
түрлеріне, оның гранулометрикалық құрамына, су-физикалық және агрохимиялық қасиеттеріне
байланысты болады. Көлденеңінен көшу топырақтың жел эрозиясы, атмосфералық жауын-
шашынның шаюы нәтижесінде болады. Көшу жылдамдығы гидрометеорологиялық әсерлерге
(желдің жылдамдығы және атмосфералық жауын-шашынның қарқындылығы), жергілікті жердің
рельефіне, топырақтың және өсімдіктердің түрлеріне және нуклидтердің физико-химиялық
қасиеттеріне байланысты болады.
Сондықтан қоршаған ортаға уақытылы радиационды мониторинг жүргізген жөн.
Мақалада Орал қаласындағы өндірістік кәсіпорындардың радиациялық фонын зерттеуі
және цезий-137 изотобының меншікті активтілігін анықтауы қарастырылды. Зерттеулер
жыл мезгілдері бойынша жүргізілді. Кәсіпорындар маңындағы ауа, су, топырақ, өсімдіктер
құрамындағы цезий-137 изотобының меншікті активтілігінің өзгеріс заңдылықтарын ұсынамыз.

Автор өмірбаяндары

  • Т. Шакиров, Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті

    старший преподаватель, тел.: +7 701 849 53 97
    Кафедра «Химия и химическая технология», Казахстан, г. Уральск

  • А. Ниязбекова, Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті

    2кандидат химических наук, доцент, тел.: +7 778 330 88 16
    Кафедра «Химия и химическая технология», Казахстан, г. Уральск

  • Д. Назарова, Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті

    старший преподаватель, тел.: +7 747 377 42
    Кафедра «Химия и химическая технология», Казахстан, г. Уральск

  • Н. Зайдолла, «КазАэроНавигация»

    магистр экологических наук, инженер Уральского филиала «КазАэроНавигация»,
    Казахстан, г. Уральск,  тел.: +7 747 640 94 58

Жүктеулер

Жарияланды

2017-12-08