Алматы қаласындағы ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық тербелістерге тұрақтылығын зерттеу
Кілт сөздер:
сейсмичность, безопасность, землетрясения, строительствоАңдатпа
Бұл мақалада жиі болып тұратын жер сілкіністері, халықтың өмірі мен денсаулығына
қатер төндіретіндіктен, Алматы қаласындағы ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық
тербелістерге тұрақтылығына баға берілген. Құрылыстардың жүргізілуі және тұрақты кеңею
жағдайында ғимараттардың сейсмотұрақтылығын әрқашан да ойластырып отыру қажет, себебі
жер сілкінісі кезінде халықтың өміріне қатер туындауы құрылысты монтаждаудың бастапқы
кезеңіне байланысты. Жер сілкінісі кезінде ғимараттар мен құрылыстар арасында аман-сау қалу
үшін, азаматтарға сейсмоқауіпті аймақтардағы құрылыс жағдайы туралы көбірек білулері қажет.
Жұмыстың мақсаты – Алматы қаласындағы ғимараттардың күйін сейсмикалық қауіпсіздігі
сипаттамалары бойынша зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
- Алматы қаласындағы кең тараған құрылыстар түрін зерттеу;
- ғимараттар тұрақтылығына есептеулер жүргізу.
Қалада кең тараған ғимараттар мен құрылыстарды сараптау және олардың сейсмикалық
тербелістерге тұрақтылығын өлшеу әдістері қолданылған. Берілген мақалада қаланың әр түрлі
аудандарындағы ғимараттардың сейсмикалық тербелістерге тұрақтылық деңгейінің есептеулері,
құрылыстардың көп бөлігінің жобалық сейсмотұрақтылық деңгейі туралы мәліметтер
келтіріліп, олардың мүмкін болатын тұрақтылық көрсеткіштері есептелген. Алматы қаласында
сейсмикалық тербелістерге түрлі бөліктеріндегі ғимараттар мен құрылыстардың тұрақтылық
денгейіне есептеулер жүргізіліп бағаланған. Нәтижелер көрсеткендей қаланың ғимараттары
мен құрылыстарының тұрақтылығы олардың орналасқан жеріне (карта бойынша) төменнен
жоғары бағытта сейсмикалық белсенділіктің төмендеуіне байланысты болады. Есептеулер
қорытындыларына сәйкес, құрылыс сапасы үшін жауапты жобалау ұйымдарының санын
көбейтілу және қаланың түрлі бөліктеріндегі ғимараттар салу үшін түрлі құрылымын және тәсіл
пайдалану қажет.
