Геоақпараттық технологиялардың көмегімен кенорынның 3D моделін құрудың әдістемесі
Кілт сөздер:
тау-кен геоақпараттық технологиялар, кенорынның үшөлшемдік моделі, геомеханика, қаңқалы модель, блоктық модельАңдатпа
Қазіргі таңда Қазақстандағы көптеген ірі тау-кен өндіруші кәсіпорындар өз жұмыстарына
заманауи тау-кен геоақпараттық технологияларды енгізуде. Бұл технологиялар минералдық
шикізатты өндіру мен барлаудың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Мұндай ірі тау-кен
кәсіпорындарына Қазахмыс корпорациясын, Жайрем кен байытушы комбинатын (КБК), Белогорск
КБК, Казцинк ЖШС, Жезкент КБК және т.б. жатқызуға болады. Бұл кәсіпорындар әлемге әйгілі
компаниялардың заманауи тау-кен геоақпараттық технологияларын қолданады, атап өтетін
болсақ («Datamine», «GEMCOM», «Vulcan», «Micromine», «Surpac» және т.б.). Бұл технологиялардың
көмегімен қиын геологиялық объектілердің үшөлшемдік моделін құруға, кенорынның
қорын бағалаудың көпнұсқасын жасауға және карьерлер мен жер асты кенішін жобалау мен
оңтайландыруға болады. Сонымен қатар, бұл мақалада геоақпараттық технологияларды
автоматтандырылған картографиялық ақпараттық жүйелерді құруда, жобалауда қолдануға
және тау-кен өндірісінің ғылыми және инженерлік есептерін шешуде, атап айтқанда, кен игеруде
туйындайтын тау-кен техникалық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін
шешуде қолдануға болатыны көрсетілген. Бұл мақаланың негізгі мақсаты – тау-кен жұмыстарын
қауіпсіз және тиімді жүргізу үшін геоақпараттық технологиялардың көмегімен кенорынның 3D
моделін құру болып табылады.
