Ыстықкөл көлінің гидрохимиясының көп жылдық динамикасы

Авторлар

  • Г. Исанова Орталық Азия экология және қоршаған орта ғылыми-зерттеу орталығы
  • Т. Асанкулов Шынжаң экология және география институты Қытай ғылым академиясы
  • К. Темирбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Ыстықкөл көлі ең ірі таулы және құрлықтық тұзды көлдердің бірі болып есептеледі. Ыстықкөл
көлінің бассейнінің суының химиялық құрамының көп жылдық динамикасын бағалау және талдау
1932 ж., 1977 ж. және 1986 ж. мәліметтер бойынша жүзеге асырылады. Көл суының тұздылығы
орташа көп жылдық динамикасы 1928 ж., 1960 ж., 1980 ж., 2000 ж. және 2014 ж. мәліметтер
негізінде анықталды. Көл суында сульфаттар, хлоридтер, натрий және магний иондары басым.
Na+ және Mg+ катиондары және Cl- және SO4
2- аниондары басым. Судың химиялық құрамы
бойынша сульфаттар көбірек және көл суы минерализацияның сульфатты класына және хлоридті-
сульфатты-натрийлі-магнийлі типіне жатады. Көл суы сілтілік реакцияға ие және 2015 ж. рН 7,95-
8,82 аралықта болған. Ыстықкөл көлінің тұздылығы 6.22 г/л тең. Табиғи сулардың гидрохимиясын
зерттеудің экономиканың түрлі салаларында практикалық маңызға ие. Өйткені сумен қамтамасыз
ету және суды пайдаланудың әр салаларында табиғи суларды пайдаланған кезде судың химиялық
құрамы есепке алынады. Су объектілерінің ластануы және антропогендік факторлардың өсуіне
байланысты гидрохимиялық зерттеулердің де маңыздылығы арта түсуде.

Автор өмірбаяны

  • Г. Исанова, Орталық Азия экология және қоршаған орта ғылыми-зерттеу орталығы

    Орталық Азия экология және қоршаған орта ғылыми-зерттеу орталығы
    Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты

Жүктеулер

Жарияланды

2017-12-08

Журналдың саны

Бөлім

Метеорология және гидрология