Батыс Қазақстан облысы шегіндегі Жайық өзені алабының оң жағалауының геохимиялық жағдайы
Кілт сөздер:
геохимическое состояние, бассейн реки, химические элементы, загрязняющие вещества, пробы воды.Аңдатпа
Бүгін қоршаған ортаның ластануына байланысты проблемалар жиі пайда болады. Ал табиғи
ортаның ластануы улы элементтері бар заттардың пайда болуына әкеледі. Бұл мәселелердің
себебі антпропогендік әсердің табиғатқа, өзен алабына әсері етуі, химиялық элементтердің
шекті рауал концентрациясы көбеюі болып табылады. Бұл ластану жағымсыз, түрлі қайтымсыз
зардаптарға әкеледі. Сондықтан, су ресурстарымен байланысты кез келген мәселелерді шешу
маңызды. Осы шешімдердің бірі, яғни, белгілі бір саланың бастапқы сатысында ластануды
басқару және алдын алу үшін су нысандарының геохимиялық талдауын жасау болуы мүмкін,
белгілі бір химиялық элементтерден тазарту әдістері, су ресурстарын ластайтын химиялық
элементтер туралы деректерді пайдалану арқылы көп шоғырланған жерін анықтау. Бұл химиялық
ластаушы заттар қорғасын, кадмий, мыс, мырыш, темір, және т.б. Сондықтан, мақалада
Жайық өзені алабының оң жағалауындағы су нысандарының химиялық қосылыстарының
сипаттамаларын талдайтын он төрт негізгі аумақтан алынған табиғи, жер үсті су үлгілері
көрсетілген. Зерттеулер сынақ зертханасы деректерінің негізінде жүргізілді, Ca, Mg, SO4
2-, Mn,
Fe, Na және K, хлоридтер және қаттылық сияқты химиялық элементтердің су нысандарындағы
шекті рауал концентрациясы анықталды.
